Байдарка мен каноэ есуден ұлттық құрама мүшелері Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған жаттығу жиынына құрама сапынан 17 спортшы шақырту алған. Жоспар бойынша спортшылар 1-15 қараша аралығында жалпы физикалық дайындықтарын шыңдайды. Ал 16 қарашадан бастап арнайы физикалық дайындық жұмыстарына кіріседі. Оқу-жаттығу жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады.