420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем рекордын жаңартты

  • 109
  • UPD: 11:04, 06.11.2020

Алматыда құзға өрмелеуден ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті күні спортшылар жылдамдық бойынша өзара мықтыны анықтаған. Ерлер арасындағы додада елордалық Әмір Маймұратовқа тең келер ешкім болмады. Ол 15 метр биіктікті 5, 41 секундта жүріп өтті. Ал әлем рекорды – 5,48 секунд. Яғни, Әмір одан асып түсті. Енді оны ресми тіркеуге қатысты мәселе қарастырылып жатыр.  Ал қыздар арасында тағы бір елордалық Әсел Марленова жеңіске жетті. Оның көрсеткіші – 8,38 секунд. Қос спортшы да – ұлттық құраманың мүшелері.

Айта кетейік, құзға өрмелеу спорты 2021 жылғы олимпиада бағдарламасына қосылды.

Хабар 24 телеарнасы