423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биатлоннан Норвегиядағы маусымашар турнир өткізілмейтін болды

  • 76
  • UPD: 08:34, 07.11.2020
Биатлоннан Норвегиядағы маусымашар турнир өткізілмейтін болды

Норвегияда биатлоннан 13-15 қарашаға жоспарланған маусымашар турнир өткізілмейтін болды, деп жазады Olympic.kz.

Алғашында турнир Шушен қаласында өтеді деп шешілген. Алайда жергілікті билік коронавирус індетіне байланысты ауқымды іс-шараларды өткізуге шектеу қойды.

«Шектеуге байланысты тәуекел ете алмаймыз. Қала тұрғындары мен спортшылардың денсаулығын маусым алдында қатерге тігу қауіпті. Норвегия билігінің COVID-19 індетіне қатысты қабылдаған жаңа шешімдеріне байланысты жарысты өткізбейміз», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, биатлоннан 2019-2020 жылғы әлем кубогі кезеңдері мерзімінен бұрын аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы