425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тайсон мен Джонс Black Lives Matter белбеуін сарапқа салады

  • 112
Тайсон мен Джонс Black Lives Matter белбеуін сарапқа салады Prosports.kz

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жекте қандай белбеу бәске тігілетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Даңқты боксшылар WBC Black Lives Matter титулы үшін жұдырықтасады. Бұған дейін WBC ұйымы боксшылар Frontline Battle Belt белбеуін сарапқа салатынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, 54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонс 28 қараша күні АҚШ-та көрмелік жекпе-жек өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы