424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде күрес түрлерінен Гран-при турнирі басталды

  • 82
  • UPD: 19:21, 08.11.2020
Мәскеуде күрес түрлерінен Гран-при турнирі басталды

Мәскеуде грек-рим күресінен Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Иван Ярыгинді еске алуға арналған халықаралық турнир індет басталғалы бері UWW ұйымдастырған алғашқы жарыс. Бәсекеде еркін, грек-рим күресінен бөлек жағажай күресінің өкілдері де бақ сынауда.

Жағажай күресіндегі балуандар додасы үшін спорт сарайына 70 тонна құм кіргізілген. Турнирде тоғыз елдің балуандары бақ сынауда.

Атап айтар болсақ, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Аргентина, Бахрейн, Румыния, Солтүстік Македония және Түркия спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ Гран-при турнирі барысында Ненад Лаловичтің қатысуымен UWW комиссиясының онлайн отырысы өтеді.

Хабар 24 телеарнасы