420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Валенсияда триатлоннан әлем кубогі аяқталды

  • 84
  • UPD: 19:33, 08.11.2020
Валенсияда триатлоннан әлем кубогі аяқталды

Испанияның Валенсия қаласында триатлоннан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде франциялық Венсан Луи топ жарса, британдық Элистер Броунли екінші, бельгиялық Джелл Гинс үшінші орынды иеленді.

Әйелдер арасында Ұлыбритания өкілі Бет Поттер жеңіске жетті. Күміс жүлде швейцариялық Никола Шпирегтің, қола медаль германиялық Лиза Тертштің еншісінде.

Ал триатлоннан Қазақстан командасы бұл күндері елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы