423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин желтоқсан айында чемпиондық белдігін қорғайды – БАҚ

  • 119
  • UPD: 23:16, 08.11.2020
Головкин желтоқсан айында чемпиондық белдігін қорғайды – БАҚ

«Канело» Альварестің ең мықты қарсыласы Геннадий Головкин желтоқсан айында рингке оралуды көздеді. Осындай атаумен Essentiallysports.com сайтында мақала жарық көрді.

Мақалада «IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35КО) желтоқсан айында чемпиондық белдігін қорғайды» делінген.

The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, DAZN стриминг компаниясы «GGG» мен Шеремета жекпе-жегін 18 немесе 19 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Камил Шеремета (21-0-0,5 КО) орта салмақтағы IBF титуылының міндетті қарсыласы. Егер Головкин жекпе-жектен бас тартса, IBF чемпиондық атақты қайтарып алуға құқылы.

Хабар 24 телеарнасы