422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорттық және көркем гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

  • 94
  • UPD: 23:45, 08.11.2020
Спорттық және көркем гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

Спорттық және көркем гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Китакюсю қаласында өтеді.

Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

Алғашында әлемдік доданы Дания астанасы Копенгаген қаласы қабылдайтын болған. Алайда ғаламдық коронавирус індетіне байланысты даниялықтар жарысты өткізуден бас тартты. Осылайша 2021 жылғы әлемдік дода қазан айында Жапонияда өтетін болып шешілді. Китакюсю қаласында алдымен спорттық гимнастикадан, кейін көркем гимнастикадан әлем біріншілігі өтпекші.

Спорттық және көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Олимпиада өтпейтін жылдары ұйымдастырылады. Алайда 2020 жылғы Олимпиада ойындарына кейінге шегерілгендіктен 2021 жылғы әлем біріншілігін өткізу туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы