425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің маунтинбайк құрамасы Түркияда жаттығып жатыр

  • 63
  • UPD: 13:52, 10.11.2020

Ұзақ үзілістен кейін отандық велоспорт қалпына келе бастады. Дәл қазір маунтинбайк бойынша ұлттық құрама Түркияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Оған паралель сол жердегі жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдап тұрады. Ал велотрек шеберлері еліміздің 3 қаласында кешенді әзірлікке кірісті. Яғни олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері Талдықорған, Түркістан және Нұр-Сұлтан қалаларына жиналды. Санитарлық талаптар қатаң. Әр топта 10 адамнан ғана. Биыл қазақстандық шабандоздар жарыстарға қатыса алмады. Жыл соңына дейін де ешқандай бәсеке өтпеуі мүмкін. Ішкі біріншіліктерге қатысты әзірге ақпарат жоқ. Бірақ жағымды жаңалық бар. Қазақстан 2021 жылы велотректен Азия чемпионатын қабылдайтын болды.

Хабар 24 телеарнасы