423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бауыржан Исламханнан допинг табылғанына кім кінәлі екені айтылды

  • 305
  • UPD: 22:48, 10.11.2020
Бауыржан Исламханнан допинг табылғанына кім кінәлі екені айтылды Inbusiness.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылғанына «Әл-Айн» командасының дәрігері кінәлі екен.

Мұндай ақпаратты спорт тілшісі Айдын Қожахмет телеграм каналында жазды, деп хабарлайды vesti.kz.

«Кәні Бауыржанда емес, дәрігерде болуы мүмкін. Ол Исламхан қабылдап жүрген дәруменді Азия футбол конференциясының есебіне қосуды ұмытып кеткен», – деп жазады инсайдер.

Еске салайық, бұған дейін Бауыржан Исламханның Азия Чемпиондар лигасы ойынынан кейін тапсырған допинг-тестінен рұқсат етілмеген дәрумен табылғаны белгілі болды. Енді ол футболдан шеттетілуі мүмкін. Осы мәселеге байланысты Исламхан Ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан құрамасы сапына келе алмайды.

Бұған дейін ҚФФ допингпен ұсталған Исламханға қатысты мәлімдеме жасағанын хабарлағанбыз.

 

Хабар 24 телеарнасы