423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тоғызқұмалақтан алғаш рет онлайн форматта спартакиада өтті

  • 105
  • UPD: 10:51, 11.11.2020
Тоғызқұмалақтан алғаш рет онлайн форматта спартакиада өтті

3-6 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді.

Биыл жарыста барлық Зияткерлік мектептерден 88 оқушы бақ сынады.

Ежелгі ойынның жанкүйерлері алғаш рет өз қарсыластарымен онлайн форматта PlayOk платформасы арқылы кездесті. Биылғы спартакиаданың ерекшелігі де осы.

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жиі өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқынқандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты.

Спартакиада арқылы жас жеткеншектердің тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді қайта жаңғыртуға септігін тигізуде.

Биылғы ойында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Үш жастық топта 7-9 сыныптар арасында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Рысбай Әсел ІІ орынды иеленсе, құрама командалар арасында мектеп ІІІ орын қатарынан көрінді.

Хабар 24 телеарнасы