425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МакГрегор мен Порье 23 қаңтарда реванш өткізеді

  • 97
  • UPD: 11:45, 11.11.2020
МакГрегор мен Порье 23 қаңтарда реванш өткізеді

ММА файтері Конор МакГрегордың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлады Prosports.kz MMA Fighting-ке сілтеме жасап.

2021 жылы 23 қаңтарда МакГрегор америкалық Дастин Порьемен жекпе-жекке шығады. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетін UFC 257 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

Еске салайық, олардың алғашқы жекпе-жегі 2014 жылдың қыркүйегінде өтті. UFC 178 турнирінде бірінші раундта Конор қарсыласын нокаутқа жіберген еді.

Соңғы рет МакГрегор 2020 жылдың 18 қаңтарында жекпе-жек өткізіп, Дональд Серронені жеңді. Кейін ол өзінің спорттан кететінін жариялаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы