422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады

  • 81
  • UPD: 13:24, 11.11.2020
Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады Prosports.kz

АҚШ-тың Кэри қаласында өтіп жатқан теннистен ATP Challenger аясындағы турнирде жұптық кездесулер басталды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев бірінші кездесуде Трит Хьюи (Филиппин)/Роберт Галлоуэй (АҚШ) жұбынан басым түсті. Кездесу 1:6, 6:4, 7:10 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде отандық теннисшілер Денис Новиков (АҚШ)/Теймураз Габашвили (Ресей) жұбымен ойнайды.

Польшалық Питер Поланскимен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық Дмитрий Попко да жеңіке жетті. Олар Роберто Сид Суберви (Доминикан Республикасы)/ Даниэль Элаи Галан (Колумбия) жұбын жеңген.

Хабар 24 телеарнасы