423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио-2020: шетелдік спортшылар карантиннен босатылады

  • 92
  • UPD: 17:51, 12.11.2020
Токио-2020: шетелдік спортшылар карантиннен босатылады Спорт-Экспресс

Токиодағы жазғы олимпиадаға қатысатын спортшылар Жапонияға барғанда 2 апталық карантинге жабылмайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Тосиро Муто мәлімдеді. Бірақ спорттық іс-шараға қатысушылардан Жапонияға келгенге дейін соңғы 72 сағат ішінде коронавирусқа қарсы тест тапсырғаны туралы анықтама талап етілуі мүмкін. Ал көрермендерге қатысты шешім әлі қабылданбаған. Келесі аптада Токиоға Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах сапар шегіп, шаһардағы коронавирусқа қарсы шаралармен танысуы тиіс.

Айта кетейік, шетелдік саяхатшылар Күншығыс еліне барғанда дертке шалдықпағаны жөнінде анықтама көрсетумен қатар 2 апталық карантиннен өтуі тиіс.

Тосиро Муто, Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы:

– Токиодағы олимпиада ойындарына қатысуға рұқсаты бар спортшылар, жаттықтырушылар және ресми өкілдер елге келгенге дейін тиісті сақтық шараларын орындаған жағдайда ғана кіргізіледі. Ал көрермендерге қатысты мәселеге келетін болсақ, барлық шетелдік жанкүйерлер үшін 14 күндік карантин енгізу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан өзге жолдарды қарастырып жатырмыз. 

Бұған дейін Токио олимпиадасының билеттері қайтарыла бастағанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы