425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб Нурмагомедов мансабын қайта бастауы мүмкін

  • 128
  • UPD: 17:36, 11.11.2020
Хабиб Нурмагомедов мансабын қайта бастауы мүмкін

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз ресейлік спортшының мансабын қайта бастауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады vesti.kz Р-Спорт порталына сілтеме жасап.

Еске салайық, Нурмагомедов 24-қазан күні Абу-Даби қаласында америкалық Джастин Гэтжимен кездесіп, екінші раунда қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Бұл кездесуден кейін ол мансабын аяқтайтынын хабарлады. Осылайша 32 жастағы ресейлік аралас жекпе-жекте 29-көрсеткішімен спорттан кетті. 

Ал UFC басшысы Дана Уайт жуырда Хабиб 30-0 көрсеткішіне жету үшін карьерасын қайта бастайтынын айтқан еді. 

Хабар 24 телеарнасы