424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұрсынбай Құлахмет WBC International белбеуінің иегері атанды

  • 112
  • UPD: 09:56, 12.11.2020
Тұрсынбай Құлахмет WBC International белбеуінің иегері атанды

Тұрсынбай Құлахмет WBC International чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Қазақстандық боксшы кезекті кездесуін Ұлыбританияда өткізді. Оңтүстік Киркби қаласында болған бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет пен жергілікті Маколей Макгоуэнм жұдырықтасқан еді. Қарысыласы бүгінге дейін 15 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңілмеген. Соған қарамастан жерлесіміз айласын асырудың амалын тапты. Ол 7-ші раундта қарсыласын нокдаундқа жіберді.

Жекпе-жектің өзі 10 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Тұрсынбай жеңімпаз атанды. Айта кетейік, Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа тамыз айында ғана ауысты. Бұл – екінші кездесуі. Ал әуесқой бокста өткен жылы Азия чемпионы және Әлем чемпионатының жүлдегері атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы