425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрес: әлем чемпионатының орнына әлем кубогі өтеді

  • 91
  • UPD: 16:21, 12.11.2020
Күрес: әлем чемпионатының орнына әлем кубогі өтеді

Күрес түрлері бойынша дүниежүзілік доданың форматы өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл күрес түрлері бойынша дүниежүзілік доданың форматы өзгерді. Яғни оны кубок үлгісінде өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Біріккен күрес әлемі кеңейтілген онлайн отырысында белгілі болды. Халықаралық ұйым президенті Ненад Лалович бұл ең қауіпсіз және қолайлы нұсқа екенін алға тартады. Биылғы әлем кубогі Белград қаласында өтеді. Уақыты әзірге белгісіз. Ол жақын арада қосымша хабарланады. Ал биылғы ел чемпионатына қатысты нақты ақпарат бар. Ішкі біріншілік 19-26 қараша аралығында Алматыда өтеді. Жарыс көрермендерсіз болады.

Айта кетейік, өткен жылғы әлемдік дода елордада ұйымдастырылған еді. Оған 95 елден мыңға жуық спортшы жиналды.

Хабар 24 телеарнасы