422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында топ жарды

  • 125
Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында топ жарды ҚР ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтіп жатыр. Онлайн форматында өтіп жатқан халықаралық бәсекеде Қазақстан спортшысы үздік танылды.

Абылай Әуелханов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Қоссайыс нәтижесінде жалпы 237 (102+135) келіні бағындырып, әлемдік жарыста топ жарды.

Хабар 24 телеарнасы