425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғымен секіруден әлем кубогі кезеңі көрерменсіз өтеді

  • 87
  • UPD: 16:52, 12.11.2020
Шаңғымен секіруден әлем кубогі кезеңі көрерменсіз өтеді

Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің екі кезеңі 5-6 желтоқсан күні Ресейдің Төменгі Тагил аймағында өтеді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнирге жанкүйерлер жіберілмейді, деп жазды Olympic.kz. 

«Спорт жанкүйерлері мен жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрермендер трибунаға кірмейді. Ал спортшылар Ресейге келген соң ПТР-тест тапсыруға міндетті. Тест нәтижесі теріс болған жағдайда ғана шаңғышылар жарысқа рұқсат алады», - дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кетелік, Төменгі Тагилде шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы әлем кубогінің 5-6 кезеңдері өтеді. Турнирге 12 елдің спортшылары қатысады.

Хабар 24 телеарнасы