425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшымен жұдырықтасады

  • 98
  • UPD: 12:56, 13.11.2020

Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін 5 желтоқсанда өткізеді. Кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің қарсыласына қатысты да ақпарат бар. Ол ресейлік Илья Баландин.

Кейінгісі бүгінге дейін 8 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Ал Мейірім 13 рет шаршы алаңға шығып, барлығында да жеңіске жетті. Бокс кеші Екатеринбург қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мейірім мен Илья арасындағы кездесу 8 раундқа есептелген. Осыған байланысты жерлесіміз қызу дайындыққа кірісті. Қазір ол елордада бапкері Ернұр Жаңабаевпен бірге әзірлікті пысықтап жатыр.

Айта кетейік, Мейірім ең соңғы рет тура бір жыл бұрын жұдырықтасты. Америка төрінде мексикалық Кристиан Оливасты ұтып, WBC тұжырымы бойынша аймақтық титулды иемденген болатын.

Хабар 24 телеарнасы