420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барселона» президенті болуға жеті үміткер тіркелді

  • 148
«Барселона» президенті болуға жеті үміткер тіркелді Prosports.kz

Marca басылымы Барселона президенттігі үшін күрес туралы соңғы жаңалықтарды жариялап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір осы лауазымға 7 үміткер тіркеуден өтті, олар – Хави Вилажоана, Виктор Фонт, Тони Фрейса, Джорди Фарре, Агусти Бенедито, Пере Риера және Луис Фернандес Ала.

Алдын ала сайлау күні - 2021 жылдың 24 қаңтары. Коронавирус пандемиясына байланысты жоспар өзгеріп қалмаса, осы мерзім түпкілікті болады.

Еске сала кетелік, 27 қазанда «Барселона» президенті Хосеп Бартомеу отставкаға кетті. Каталониялық клубты Карлес Тускетс уақытша басқарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы