433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалы Бейжіңде өтпейтін болды

  • 164
  • UPD: 22:14, 14.11.2020
Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалы Бейжіңде өтпейтін болды

Мәнерлеп сырғанаудан 2020/2021 жылғы маусымының Гран При финалы Бейжіңде өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында ресми мәлімденді.

Гран При финалы Қытайдың Бейжің қаласына жоспарланған болатын. Бастапқыда аталған дода 10-13 желтоқсан күндеріне белгіленген еді. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге қалдырылды.

Бүгін ISU 2022 жылғы Олимпиада ойындарына бақылау жарысы есебінде биылғы маусымның Гран При финалы Бейжіңде өткізілмейтінін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы