425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кроуфорд Головкиннің бұрынғы қарсыласын жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды

  • 69
Кроуфорд Головкиннің бұрынғы қарсыласын жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды Prosports.kz

Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) үлкен бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Терренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен британиялық Келл Брук (39-3, 27 КО) жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Бұл кездесу төртінші раундта аяқталды. Қазіргі чемпион Кроуфорд техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Келл Брук 2016 жылдың 10 қыркүйегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. Лондондағы O2 аренасында өткен жекпе-жекте GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы