425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы екінші мәрте коронавирус жұқтырды

  • 89
«Манчестер Юнайтед» ойыншысы екінші мәрте коронавирус жұқтырды prosports.kz

«Манчестер Юнайтед» футбол клубының бразилиялық қорғаушысы Алекс Теллес коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Бразилия футбол федерациясы хабарлады. Оған бүгін жүргізілген COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткен.  

Айта кетейік, Алекс қазан айында коронавирус жұқтырып, «МЮ» сапында екі ойынға қатыса алмаған. Кейін манчестерлік клуб оның жазылғанын хабарлаған. Алайда ұлттық құрамаға келгеннен кейін одан тағы да COVID-19 анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы