422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Astana Pro Team велокомандасын канадалық компания сатып алды

  • 122
  • UPD: 10:26, 16.11.2020
Astana Pro Team велокомандасын канадалық компания сатып алды

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық нарықтарда 30 жылдық табысты жұмыс тәжірибесі бар канадалық Premier Tech компаниясы Astana Pro Team кәсіби велосипед клубының жаңа бірлескен иесі атанады.

Осыған байланысты Astana Pro Team өз атауын Astana-Premier Tech деп өзгертеді, деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.

Осылайша велокоманданың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» қаржыландыруды 50%-ке қысқартады. Қысқа мерзімді перспективада велокомандаға өзін-өзі қаржыландыруға шығу, бұл ретте UCI әлемдік турының жарыстарында өз өнерін жалғастыру міндеті қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен ұстаудың орынсыз екенін атап өткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы