425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бұл өте ауыр матч болды – М.Билек Албаниямен кездесу туралы

  • 65
  • UPD: 11:42, 16.11.2020
Бұл өте ауыр матч болды – М.Билек Албаниямен кездесу туралы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасының бесінші турындағы Албанияға (1:3) қарсы матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз 1:3 есебімен жеңіліп, үш голды да стандарттан жіберіп алдық. Екінші таймда Сүйімбаев пен Вороговскийдің мүмкіндігі болды. Егер біз гол соққан болсақ, 2:3 есебінде мүмкіндігіміз болар еді. Албания сапалы футбол көрсетті. Олар жақсы ойнады, комбинация жасады, жылдамдықпен ойнады. Олардың жақсы шабуылшылары бар, допты жақсы ұстады. Бұл өте қиын матч болды.

Өкінішке орай, жақсы нәтижеге қол жеткізе алмадық. Енді бізді үш күн бойы қалыпқа келу жұмыстары күтіп тұр, содан кейін Литвамен ойнаймыз - бұл біз үшін өте маңызды матч болады. Біз жеңуіміз керек» деді Білек.

18 қарашада Алматыда Қазақстан құрамасы Литва құрамасын қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы