422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиодағы олимпиада ойындары енді кейінге шегерілмейді

  • 69
  • UPD: 09:29, 17.11.2020
Токиодағы олимпиада ойындары енді кейінге шегерілмейді

Токиодағы Олимпиада ойындары енді кейінге шегерілмей, белгіленген уақытта өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапония премьер-министрі мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы осындай келісімге келді. Негізі дүбірлі дода биыл жазға жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты оны бір жылға кейінге шегеріп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізу шешімі қабылданған. Соңғы уақытта шара тағы да кейінгі қалдырылуы мүмкін деген әңгіме желдей есіп жүр. Оған қатысатын спортшылардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылық білдіргендер де аз емес. Бұл ретте халықаралық олимпиада комитеті атлеттерді вакцинациялауға қатысты шығынды өз мойнына алатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы