422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» хоккейшілері «Металлургтен» жеңілді

  • 74
  • UPD: 23:11, 17.11.2020
«Барыс» хоккейшілері «Металлургтен» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасы матчында «Барыс» Магнитогорсктің «Металлургімен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойын 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Қазақстандық ұжым сапынан жалғыз шайбыны Вароне қарсылас қақпасына дарытты.

19 қарашада «Барыс» «Авангардтты» қабылдайды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 1:2 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

Шайбы соққандар:

1:0 — 30:42 Вароне (Диц, Старченко)
1:1 — 40:35 Прохоркин (Хлыстов, Плотников)
1:2 — 65:00 Прохоркин

Қақпашылар: Ортио — Олкинуора

Хабар 24 телеарнасы