Үздік қазақстандық файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Prosports.kz.
Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеді.
«Арман UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында осы ұйымның атынан жекпе-жекке шығуы керек. Қазіргі таңда ол АҚШ-та жұмыс визасын күтіп отыр», - деп айтты Бәкенов.