425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің «Канеломен» трилогиясы алдында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

  • 92
  • UPD: 18:02, 18.11.2020
Головкиннің «Канеломен» трилогиясы алдында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсан күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлады prosports.kz.

Оның қарсыласы ІBF-тің міндетті үміткері, Польша боксшысы Камил Шеремета болады. Бұл айқас Сауль «Канело» Альварестің 19 желтоқсанда DAZN-да Каллум Смитқа қарсы жекпе-жегінің алдында өтеді. Қазақстандық және мексикалық спортшылардың үшінші айқасы келесі жылы өтеді деп жоспарланып отыр.

«Енді 19 желтоқсанда «Канелоның» Смитқа қарсы жекпе-жегі өтетін болса, Головкин мен Шеремета 18 желтоқсанда жұдырықтасады. Әрине, егер DAZN-мен келісу мүмкін болса. Дереккөздерге сенсек, бұл кездесу Техас немесе Флоридада өтуі мүмкін және «Канело» мен GGG мамыр айындағы үшінші жекпе-жектің алдында бірдей кестеге орналасады», - деп жазды Коппинджер Twitter-де.

Хабар 24 телеарнасы