425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның ұлттық құрамасы Литвадан ұтылып қалды

  • 104
  • UPD: 07:22, 19.11.2020
Қазақстанның ұлттық құрамасы Литвадан ұтылып қалды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С тобындағы соңғы матчын өткізді. Қарсылас - Литва командасы. Балтық жағалауынан келген қарсылас түзде тәуір ойнайды.

Салған жерден шабуылға шықпай, жасық ойын көрсеткен жігіттеріміз 38-минутта Айымбетовтың голынан кейін жігерлене алмады, керісінше араға екі минут салып, литвалықтар жігерімізді құм етті. Осыдан кейін-ақ қонақтардың амбициясы айқындала түсті. Сәт сайын қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді.

Жығылғанға жұдырық. 50-минутта Қуат қуылды алаңнан. Мұның өздеріне қол болғанын сезген Урбонас бірнеше ойыншысын ауыстырып, жеңіске ұмтылды. Әрине қазақтарды жеңуге болатынын білді олар. Жемтіктің иісін сезді.

Соңғы минуттар синдромы деген «диагноз» бар бізде. Соңғы кезде ұмыта бастағандай едік, қайта оралды. Өз алаңымызда, деңгейі төмен Литваны жеңе алмаған соң басқаны қалай жеңеміз. 90+4 минутта Новиковас қақпаны дәл көздеп, командасын алға шығарды.

D лигасы алыстан «Қош келдің, Қазақстан» деп тұрғандай. Қайтеміз, «Басқа түссе баспақшыл» деген. Бәріне көнген басымыз, бұған да көнеміз.

Қазақстан - Литва - 1:2

Гол соққандар: Айымбетов, 38 - Воробьевас, 40, Новиковас, 90+4

Ескерту алғандар: Вороговский, Қуат, Әбікен - Лаукземис,

Алаңнан қуылды: Қуат, 50

18 қараша. Алматы. Орталық стадион.

Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы