422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы іріктеу жеребесінің қай себетіне түсті

  • 69
  • UPD: 13:22, 19.11.2020
ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы іріктеу жеребесінің қай себетіне түсті prosports.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесінде қай себетте болатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Михал Билектің шәкірттері Ұлттар лигасының соңғы турында Литвадан 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Қазақстан құрамасы 4-топта соңғы орын алды, енді С дивизиясында қалу үшін іріктеу матчын ойнайды.

Жеребе кезінде себет мынадай болады:

Бірінші: Бельгия, Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Хорватия, Дания, Германия, Нидерланд;

Екінші: Швейцария, Уэльс, Польша, Швеция, Австрия, Украина, Сербия, Түркия, Словакия, Румыния;

Үшінші: Ресей, Венгрия, Ирландия, Чехия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Шотландия, Грекия, Финляндия;

Төртінші: Босния және Герцеговина, Словения, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Израиль, Беларусь, Грузия, Люксембург;

Бесінші: Армения, Кипр, Фарер аралдары, Әзербайжан, Эстония, Қазақстан, Косово, Литва, Латвия, Андорра;

Алтыншы: Мальта, Молдова, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.

Хабар 24 телеарнасы