423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

  • 58
Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты olympic.kz

АҚШ-тың Орландо қаласында Challenger әлемдік теннис турнирі аясында халықаралық дода жалғасып жатыр.

Қазақстандық спортшылар жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық жұп Александр Недовесов пен Андрей Голубев ширек финалдық бәсекеде Дмитрий Попко (Қазақстан)/Питер Полански (Канада) халықаралық жұбымен кездесті. Екеуара кездесу үш сетке созылып, 2:6, 6:4, 10:5 есебімен қазақстандық жұп жеңіске етті. 

Недовесов/Голубев жұбының келесі қарсыласы франциялық Фабиен Ребуль/Садио Думбия болмақ.

Айта кетерлігі, Дмитрий Попко жекелей сында да бақ сынайды. Ол бүгін, 20 қараша күні, үндістандық Пранеш Гунеесварнмен кездеседі. 

Хабар 24 телеарнасы