423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн өтеді

  • 72
  • UPD: 12:42, 20.11.2020
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн өтеді

Ертең, 21 қараша күні ауыр атлетикадан жекелей-командалық Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Ауыр атлетикадан республикалық біріншілік онлайн форматта өтеді. Ел біріншілігіне ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмірлі спортшылардың басым бөлігі қатысады. 

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ерлер арасында 45 және 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар өзара бақ сынайды. Қазақстан чемпионаты 27 қарашаға дейін жалғасады. 

Хабар 24 телеарнасы