423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еркін күрестен ел біріншілігі: үш салмақ бойынша чемпиондар анықталды

  • 85
  • UPD: 22:42, 20.11.2020
Еркін күрестен ел біріншілігі: үш салмақ бойынша чемпиондар анықталды

Бүгін күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында еркін күрестен үш салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ақмола облысынан келген Дәулет Теміржанов 57 келіде қарсылас шақ келтірген жоқ. Дәулет финалда қарағандылық Жавохир Иристаевты 12:2 есебімен тізе бүктірді.

Жамбылдық Рахат Қалжан мен шымкенттік Ғабит Төлепбай қола жүлде иеленді.

Айта кету керек, аталған салмақта белгілі балуан Нұрислам Санай 1/8 финалдан әріге аса алған жоқ. Ол осы салмақта алдағы Олимпиада жолдамасына ие болған еді.

Ал 61 келіде Алматы облысының балуаны Адлан Асқаров жеңімпаз тұғырына көтерілді. Адлан ақтық сында атыраулық Саламат Мәліковтен мықтылығын танытты.

Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Расул Қалиев пен қарағандылық Азат Оганиссян түйіндеді.

Алғашқы жарыс күнін 86 келідегі балуандар қорытындылады.

Бұл салмақта Шығыс Қазақстан облысынан келген Азамат Дәулетбеков алтын алды. Екінші орын Алматы облысының спортшысы Есқали Дәулетқазыға бұйырса, маңғыстаулық Нұрдәулет Көктеубаев пен алматылық Әділет Дәулембаев үздік үштіктен көрінді.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыс 26 қарашаға дейін жалғасады. Енді еркін күрес шеберлері 21-22 қараша күндері қалған салмақтарда сынға түседі.

Ал әйелдер күресінен 23 қарашада жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша аралығында тоғыз салмақта жүлдеге таласады.

Хабар 24 телеарнасы