425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дияс пен Шведова жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді

  • 52
  • UPD: 23:24, 20.11.2020
Дияс пен Шведова жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді

Теннисшілер Зарина Дияс пен Ярослава Шведова өздерінің жас жанкүйерлерімен кездесті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

Кәсіби спортшылар болашақ теннисшілерге пайдалы жаттығулар көрсетіп, допты ойынға қосудың тәсілдерін үйретті. Сондай-ақ спорттағы мансабын қалай бастағанын және жасөспірімдер санатынан кәсіпқойларға қалай ауысқаны туралы әңгімеледі.

Дияс пен Шведова қалалық, республикалық, халықаралық турнирлерге мүмкіндігінше жиі қатысудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені жарысқа қатысу арқылы теннисшілер өздерінің ойын деңгейін жоғарылатып қана қоймай, қарсыластардың тактикасына бой үйретеді және көшбасшылық қасиеттерді дамытады.

Хабар 24 телеарнасы