424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тараз» футболшылары маусым соңын ақысыз ойнайды

  • 65
«Тараз» футболшылары маусым соңын ақысыз ойнайды Prosports.kz

«Тараздың» бапкерлер құрамы мен ойыншылары ағымдағы маусымды ақысыз аяқтауға келісті. Бұл туралы клубтың атқарушы директоры Талғат Тұрлыбайұлы клубтың ресми сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бақытымызға орай, біздің барлық ойыншылар - қазақстандықтар да, легионерлер де, бапкерлер құрамы да келіссөзден кейін клубтың жағдайын түсініп, келісімшарттардың аяқталуына қарамастан маусымды ақысыз аяқтауға шешім қабылдады. Біз бұл мәселеде барлық жаттықтырушы құрамы да, ойыншылар да бірауыздан пікір білдіргеніне өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы