420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

  • 169
  • UPD: 11:35, 23.11.2020
Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстар бойынша рейтинг жаңартты, деп хабарлады Prosports.kz.

Австралиялық Эшли Барти әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап тұр, ал екінші орынға румыниялық Симона Халеп жайғасқан. Үшінші орында жапониялық теннисші Наоми Осака.

Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина 19-шы, Юлия Путинцева 28-ші, Зарина Дияс әлі күнге дейін 79-шы орында.

Жұптық сын бойынша спортшыларымыз позицияларын өзгерткен жоқ: Галина Воскобоева – 71, Анна Данилина – 135, Путинцева – 186-орында.

Хабар 24 телеарнасы