419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде киокушин шеберлері кешенді дайындыққа кірісті

  • 90
  • UPD: 13:55, 23.11.2020

Ұзақ үзілістен кейін ұлттық құрама мүшелері елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық талаптар қатаң. Спортшылар таза аймақта ғана жүреді. Жататын және жаттығатын жердегі тазалық қадағаланады. Өкінішке орай, бұл спорттың өкілдері биыл жарыстарға қатыса алмады. Қалыптасқан жағдайға байланысты ел чемпионаты мен ел кубогы кейінге қалдырылды. Халықаралық жарыстар да ұйымдастырылмады. Жыл соңына дейін тәуекелге бармаймыз. «Ішкі біріншіліктер алдағы жылдың көктемінде жанданады», - деді киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев. Мәжіліс депутаты спортшылармен кездесіп, жағдайларын білді. Үздік каратэшілерге қара белдік пен спорттық атақтар табыстады.

Хабар 24 телеарнасы