419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрестен Қазақстан чемпионатында елордалық қыздар қарсылас шақ келтірмеді

  • 103
  • UPD: 08:26, 24.11.2020
Күрестен Қазақстан чемпионатында елордалық қыздар қарсылас шақ келтірмеді

Алматыда күрес түрлері бойынша Қазақастан чемпионаты жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні бұрымдылар арасындағы бәсеке өтті. Бұл сында Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы 3 бірдей алтын еншіледі. Атап айтқанда,жеңіл салмақтағы Светлана Анкичева, орта салмақтағы Эмма Тисина және 59 келіде күрескен Диана Каюмова барлық қарсыласын ұтты. Осылайша елордалық құрама жалпы есепте бірінші сатыға жайғасты. Бұдан бөлек, басқа салмақтарда Қызылорда, Қарағанды, Шымкент және жергілікті спортшылар үздік атанды.

Айта кетейік, күрес түрлері бойынша ішкі біріншілік 19 қарашада басталды. Ең бірінші болып еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтаған. Енді бозкілемге классиктер шығады.

Хабар 24 телеарнасы