420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда грек-рим күресінің шеберлері сынға түсіп жатыр

  • 155
  • UPD: 18:56, 24.11.2020
Алматыда грек-рим күресінің шеберлері сынға түсіп жатыр

Алматыдағы Достық спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еркін күрес пен әйелдер күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып қойды. Бүгін боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатқан үміткерлер арасынан тәжірибелі балуандар іріктеу сындарында іркілген жоқ. Атап айтар болсақ, ағайынды Қорлан мен Бағлан Жақаншалар және Алмат Кебіспаев пен Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов, Мейіржан Шермаханбет секілді ұлттық құрама мүшелері алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ел чемпионы атанғандар желтоқсан айында Сербияда өтетін әлем кубогы жолындағы жарысқа қатысады. Одан соң Бақтия Байсейітов шәкірттері наурызда өтетін Азия біріншілігіне дайындалады. Дәл осы құрлық біріншілігінде Токио ойындарының жолдамасы сарапқа салынады.

Дәулет Тұрлыханов, Азия күресі кеңесінің президенті:

- Олимпиада ойындарына дейін біз мына күрестің үш стилінде әлі де ала алмай қалған лицензияларымызды әр салмақ категориясында алуымыз керек. Мына грек-рим күресінде 2 лицензия бар. 6 салмақ категориясында. Әлі төрт лицензиямыз жоқ. Сондықтан біздің тренерлердің алдына қойылған тапсырма екі, ары кетсе үш лицензия алу. Бұл жарыста Нұрмахан Тінәлиев күреспейді. Аяғынан жарақат алып, операция жасалды. Басқа балуандарымыздың бәрі күресіп жатыр. Кілемде көптеген жастардың күресі байқалуда.

Хабар 24 телеарнасы