421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» тағы да есе жіберді

  • 138
«Барыс» тағы да есе жіберді

Юрий Михайлис баптайтын жігіттер бұл жолы «СКА» командасымен жолыққан.

Санкт-Петербор қаласында өткен матч 4:3 есебімен аяқталды. Үшінші кезеңде тең нәтиже тіркеліп, жеңімпаз қосымша уақытта анықталады деген үміт болған. Бірақ алаң елері сапындағы Йони Ортио 46-ыншы минутта мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша «Барыс» турнир тізіміндегі жағдайын одан сайын нашарлатып алды. 26 ойыннан кейін 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясының 10-ыншы сатысына орналасты. Ал плей-оффқа алдыңғы 8 команда өтеді. Айта кету керек, «Барыс» осымен 5-інші матч қатарынан жеңіліп отыр. Енді елордалық клуб өз алаңындағы кездесулер сериясын бастайды. 29 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында мәскеулік «Спартакты» қабылдайды.

 

Александр Уваров ел чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан онлайн форматтағы ішкі біріншілік жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні 73 келіге дейінгілер арасындағы бәсеке өткен. Бұл сында шымкенттік Александр Уваровқа тең келер ешкім болмады. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 308 келіні көтерді. Одан кейінгі орындарға Алматы облысының және Алматы қаласының спортшылары жайғасты.

Бұдан бөлек 76 және 81 келіге дейінгі сақлмақтарда қыздар өзара мықтыны анықтады. Алғашқысында шығысқазақстандық Екатерина Быкова топ жарса, кейінгісінде Ақмола облысының өкілі Карина Кузганбаева қарсылас шақ келтірмеді. Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 28 қарашаға дейін жалғасады. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден аса спортшы қатысып жатыр.

 

Геннадий Головкин келесі жекпе-жекке дайындалуда

Геннадий Головкин чемпиондық белдігін 21-інші мәрте қорғайды. Бұл – өзіндік рекорд. Жекпе-жек кеші 18 желтоқсанда Флорида штатының Холливуд қаласында өтеді. Бұл жөнінде DAZN спорттық стримингті қызметі мәлімдеді. Қазақстандық боксшының келесі кездесуі туралы ақпарат бұған дейін де шыққан. Енді ресми расталып отыр. Жерлесіміз Камил Шереметамен жұдырықтасады. Польшалық боксшы бүгінге дейін  21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Головкин көрсеткіші: 42 жекпе-жек, 40 жеңіс. Енді IBF тұжырымының талабы бойынша қос мықты жолығуы қажет. Айта кетейік, Головкин ең соңғы кездесуін бір жыл бұрын өткізді. Нью-Йорк қаласында украниналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белдікті иемденген болатын. Ал Камил Шеремета дәл осы бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен жолығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы