Головкин әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
- 201
- UPD: 10:47, 25.11.2020

Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) болатын алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйіндегі шоудың басты оқиғасы болады. Айқас 18 желтоқсанда өтеді. Бокс кешін DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.
«Бұл жай ғана айқас емес. Бұл жекпе-жектің мәні бар. Мен қарсыластарымды әрдайым құрметтеймін. Боксты шынымен сағындым және осы жылы жұдырықтасқым келді. Мақсат – рекордты 21-рет әлем чемпионы атағын қорғау», – дейді Головкин.