2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова бокстан Қазақстан чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлады Olympic.kz.
69 келіде сынға түскен Дариға 1/8 айналымда елордалық Әсел Құспанованы мерзімінен бұрын ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетелік, Дариға Шәкімова 75 келіде Олимпиада жүлдегері атанған болатын.
Бас бапкер Ерік Алғабек Шәкімованың не себепті салмақ ауыстырғанын түсіндірді.
«Дариға бапкерімен ақылдасып, 69 келіге ауысты. Бұл салмақта ол өзін жеңіл сезінетін болуы керек. Оның үстіне қарсыластарын да жақсы таниды», - деді бас бапкер.