432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аңыз футболшы Марадона дүниеден озды

  • 236
  • UPD: 23:19, 25.11.2020
Аңыз футболшы Марадона дүниеден озды sports.kz

Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона қайтыс болды.

Аргентиналық телеарна осындай хабар таратты. Әйгілі футболшы алпыс жаста еді. Өткен айдың соңында медициналық тексерістен өту үшін марқұм ауруханаға барған. Көп ұзамай миына операция жасалды деген ақпарат тарады. Тақауда, 11 қараша күні Марадона ауруханадан шыққан болатын. Хабарламада «Наполи» және Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы жүрек талмасынан қайтыс болды делінген.

Хабар 24 телеарнасы