425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқушылардың 42% үшін бұқаралық спорт қолжетімді болмақ

  • 195
Оқушылардың 42% үшін бұқаралық спорт қолжетімді болмақ

Мәселен, қазір 1 млн 260 оқушы спортпен жүйелі айналысады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Тастанбек Есентаев мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі 1 252 мекемеде 60 мыңға жуық үйірме бар. Оның 39 мыңнан астамы – спорт секциялары. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шамамен 400 спорт мектебі жұмыс істейді. Жобалардың ішінде ілкімдісі – «Мен – Чемпион» бағдарламасы. 

Тастанбек Есентаев, ҚР БҒМ ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры:

– «Мен Чемпион» жобасы. Бұл арқылы біз 2020 жыл өтіп келе жатқан биылдан келесі жылдан бастап, оған біз мектептің 12-14 жастағы балаларын бірінші кезеңінде, мектептің ішінде өткізіледі. Сонан кейін аудандар мен облыс орталықтарында өткізіледі. Ақтық кезеңі «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Бұған шамамен 1 млн оқушы қатысады деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы