420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

  • 111
  • UPD: 13:18, 26.11.2020
Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Ақтөбеде жүзуден ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ үзілістен кейін ішкі біріншілік қайта жанданды. Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы сындар өтіп, 7 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Мәселен, 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Алматы қаласы мен Алматы облысының спортшылары үздік атанды. 100 метрге арқалап жүзуде тағы бір алматылық Анастасия Резванцева топ жарды. Дәл осы аралыққа баттерфляй әдісімен жүзуде елордалық Юлия Демченко топ жарды. 200 және 800 метрлік додаларда жергілікті спортшылары қарсылас шақ келтірмеді және 400 метрлік эстафетада осы жетістікті қайталады. Нәтижесінде Ақтөбе құрамасы жалыпокомандалық есепті бірінші орынға жайғасты. 

Хабар 24 телеарнасы