419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тайсон мен Джонстың жекпе-жегінде нокаутқа рұқсат беріледі

  • 177
  • UPD: 16:11, 26.11.2020
Тайсон мен Джонстың жекпе-жегінде нокаутқа рұқсат беріледі

28 қарашада Карсонда (Калифорния) өтетін америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жектің ережелеріне сәйкес нокаутқа рұқсат беріледі.

Бұл туралы жекпе-жектің продюсері Райан Кавана мәлімдеді.

«Нокаутқа толықтай рұқсат етілген. Тіпті біреу қансырап жатса да, жекпе-жек жалғасады», - деді Кавана.

Ол жекпе-жек екі минуттық сегіз раундтан тұратындығын және боксшылар 12 унциялы қолғаппен шығатынын атап өтті.

Сонымен қатар жекпе-жекке ресми төрешілер алқасы қатыспайды, бірақ жекпе-жекті Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бұрынғы үш әлем чемпионы тамашалайды.

Хабар 24 телеарнасы