423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Марадона қайда жерленді?

  • 245
Марадона қайда жерленді?

Күллі әлемге аты әйгілі, даңқты футболшы Диего Марадонаның денесі жер қойнына тапсырылды.

Диегоны ақтық сапарға мыңдаған адам шығарып салды. Ол Буэнос-Айрес маңындағы зиратқа жерленген. Бұл қорымда Марадонаның ата-анасы жатыр. Екі күн бұрын Аргентина билігі аты аңызға айналған футболшымен қоштасу үшін халыққа 48 сағат берген болатын. Бірақ кезекке таласқан жанкүйерлер мен полиция арасында қақтығыс болып, қоштасу рәсімі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, жасы 60-тан асқан Диего Марадона жүрек талмасынан қайтыс болды. Саналы ғұмырын спортқа арнаған, футболдың шыңына шығып, биік белестерді бағындырған, миллиондардың көз қуанышына айналған Марадонының енді ойын өрнегі мен қанатты сөздері дәтке қуат. Тапқырлығы мен шешендігін де паш еткен шебердің айтқаны афоризмге айналды. Мысалы, «Анам маған үнемі сен үздіксің деп отырады. Шешеге қайтып қарсы келесің» дегені әзілге де жүйріктігіне өлшем секілді. Немесе «Билікке ұмтылмадым. Ол жақта ұрлыққа баруға мәжбүрлейді. Ал менің өз халқымды тонауға құқым жоқ» дегені талайға ой салатыны анық.

Хабар 24 телеарнасы