425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан чемпионатына 200-ден аса боксшы қатысып жатыр

  • 216
  • UPD: 11:59, 27.11.2020

Ұзақ үзілістен кейін бокстан Қазақстан чемпионаты жанданды.

Дәл қазір Шымкентте ел үздіктері сынға түсіп жатыр. Биылғы біріншілік біріктірілген форматта өтеді. Яғни ерлер және әйелдер арасындағы бәсеке бірге ұйымдастырылады. Бұған қоса, көрермендер кіргізілмейді. Санитарлық талаптар қатаң. Қазақстан чемпионатына 200-ден аса боксшы қатысып жатыр. Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленгендер де бар. Бас бапкері Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, әзірге Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Маңғыстау,Түркістан, Жамбыл Қарағанды облыстарының спортшылары үздіктер қатарынан көрініп келеді. Жартылай финалдық және финалдық сындар, сәйкесінше, 28 және 29 қарашаға жоспарланған.

Ғалым Кенжебаев, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

– Тоғыз ай жарыс болмады. Соңғы жарысымыз – лицензиялық турнир Иорданияда өтті. Содан кейінгі бірінші жарыс. Осы сайыстан соң, құрама команда қайтадан іріктеледі. Кім осы жарыста жақсы өнер көрсетіп, орынға ие болған боксшылар ұлттық құраманың иесі болады.

Хабар 24 телеарнасы